«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы өз жоспарын пысықтады
АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілісте «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы өз отырысын өткізіп, жоспарын пысықтап алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының жетекшісі Қайрат Сәдуақасовтың жетекшілігімен өткен отырыста осы топтың үшінші парламенттік сессия барысына жасаған жоспары шеңберінде жасалып жатқан жұмыстары талқыға салынды.
Атқарылған жұмыстар жайлы Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған Мәжіліс депутаттары, «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшелері Людмила Хочиева, Олег Дымов, Розақұл Халмұрадов, Валерий Вишниченко, сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП мүшесі, депутат Шалатай Мырзахметов өз ойларын отаға салды.
Айта кету керек, «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының құрамында 16 депутат бар. Соның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясынан және жеті депутат «Нұр Отан» партиясының тізімі бойынша сайланған.