«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы өз жұмысын қорытты

АСТАНА. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Парламент Мәжілісінде «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының ІІ сессия бойынша қорытынды отырысы өтті,

«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы өз жұмысын қорытты

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Отырысты ашқан депутаттық топ жетекшісі Қайрат Сәдуақасов «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының ұйымдастыруымен көптеген шаралардың жүзеге асқанын мәлім етті. Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы беделді азаматтық қоғам институты ретінде өзінің басым бағыттарын анықтай отырып, еліміздегі ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қалыптастыруда үлкен үлес қосып отырғандығын айтты. «Парламент «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заң қабылдады. Бұл заңның қоғам үшін маңыздылығы өте зор»,- деп атап өтті Мәжіліс депутаты Қайрат Сәдуақасов.

Депутат Валерий Вишниченко «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының ІІ парламенттік сессия барысында атқарған жұмыстары, өткізген семинарлары мен дөңгелек үстелдері жайлы баяндап берді. «Біздің тобымыз өз қызметін «Нұр Отан» партиясының фракциясымен және Қоғамдық Палатаның қызметімен тығыз байланыста жүргізе білді. Депутаттық топ екі заң жобасына бастамашы болды. Топ мүшелері 13 заң жобасы бойынша құрылған жұмыс топтарына жетекшілік жасады. 160 заң жобасы бойынша құрылған жұмыс топтарына мүше болды. Көптеген заң жобаларына ұсыныстар мен түзетулер енгізді. Бұл құрамдағы депутаттардың белсенділігін атап өткеніміз жөн», - деді В. Вишниченко.

Отырыс барысында Мәжіліс депутаттары Валерий Вишниченко, Олег Дымов, Леонид Питаленко, Розақұл Халмұрадов, Людмила Хочиева алдағы уақытта атқарылуға тиісті жұмыстар жөнінде өз ұсыныстарын ортаға салды.