«Жаңа Қазақстан» реформасын іске асыру үшін Парламент пен Үкіметтің де қолдауы керек – қырғызстандық сарапшы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қырғыз Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық стратегиялық зерттеулер институтының директоры Қанатбек Азиз Қазақстанда өтетін кезектен тыс Парламент сайлауы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қырғызстан, оның ішінде Қырғыз Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық стратегиялық зерттеулер институты Қазақстандағы «Жаңа Қазақстан» форматында ұсынылған реформалардың іске асу барысын ұдайы қадағалап отыр. Біз тіпті оған қатысушымыз десек те болады. Мамыр айынан бастап референдумның қалай өткенін бақыладық», - деді ол «Орталық Азия-2030: Болашақтың келбеті» атты сарапшылар кездесуінің куларында.

Спикер Қазақстандағы реформалар дұрыс бағытпен алға жылжып келеді деген пайым айтты.

«Ұлттық зерттеулер институтының алдында осы контексте сіздерді Қырғызстан тап болған қиындықтардан сақтандыру міндеті тұрды. Жалпы бәрі синхронды сипатта, дұрыс бағытта өтіп жатыр. Өйткені референдум өтті, одан кейін президент сайлауы болды. Ал кеше Парламент таратылып, кезектен тыс сайлау жариялаған Жарлыққа қол қойылды. Бұл – әрине, дұрыс қадам. Өйткені Президент институты «Жаңа Қазақстан» реформасын өзі жалғыз іске асыра алмайды. Атқарушы биліктің де, заң шығарушы биліктің де қолдауы сөзсіз керек», - деді қырғыз сарапшысы.


Фото: kg.akipress.org


Соңғы жаңалықтар
telegram