Жаңа қазақстандық қосымша әлемнің «ең ақылды» елін анықтауға көмектеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, қазақстандық бағдарлама әзірлеушілер онлайн ойынсүйер қауымға сый дайындады.
None
None

«Ақылды ел» қосымшасы интерактивті ойын арқылы әлемнің кез келген еліндегі ойыншыны жеңуге мүмкіндік береді. Ереже бойынша, ойыншы қарсыласының елі туралы мол ақпарат білуі тиіс. Мәселен, қазақстандық ойыншы қытайлықпен ойынды бастады делік. Үш раундтың әрқайсысында 4 жауаптан тұратын 10 сұрақ бар. Алғашқы раундта ойыншыларға қарсыласының елі туралы сұрақтар қойылады, екінші раундта ортақ тақырыпта 10 бірдей сұрақ қойылады, үшінші раундта кездейсоқ үшінші ел туралы 10 бірдей сұрақ қойылады. Жеңген ойыншы өзіне және өз еліне ұпай әперіп, жалпы рейтингтегі позициясын жақсарта алады.

«Біздің қосымша өзге мемлекеттер жайлы қызықты ақпараттар білуге және Қазақстанды бүкіл әлемге танытуға бірегей мүмкіндік береді», - деді қосымшаны әзірлеушілердің бірі Талғат Тайымов. Әр қатысушының ұпайы оның мемлекетінің рейтингіне әсер ететінін атап өткен жөн. «Ақылды ел» қосымшасы келесі жылдың басында IOS және Android операциялық жүйелерінде жарыққа шығады.

Соңғы жаңалықтар