Жаңа кодекстің басты міндеті азаматтардың құқықтары пен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейту болмақ - ҚР Мемлекеттік хатшысы

Дегенмен де, ол кеңестік кезеңнің көптеген сипаттарын мұраға алып қалды - қылмыспен күрес көбіне адам құқықтарын сақтаудан жоғары қойылды. Бұл туралы бүгін Алматыда «Қазақстанның қылмыстық-процессуальдық заңнамаларын құқықтық мемлекет принциптері негізінде реформалау» тақырыбында өткен «дөңгелек үстелде» ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин мәлім етті.
«Қазақстандағы тәуелсіздік жылдарында қылмыстық сот ісін жүргізуді құқықтық мемлекет стандарттарына сәйкес келтіру жөнінде тұрақты жұмыстар жүргізілді. Ең бастысы - сот жүйесінің тәуелсіздігі нығайтылды, алқабилер соты құрылды, сот санкциясымен тұтқындау енгізілді. Сонымен қатар жинақталған тәжірибе және қазіргі жүйелік проблемалар барған сайын бізді қылмыстық-процессуалдық үдеріске түбегейлі реформа жасау қажеттігіне итермелеуде. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында Қылмыстық-процессуальдық жаңа кодексті қабылдау қажеттігін айрықша атап көрсетті», - деді М.Тәжин.
Мемлекеттік хатшы жаңа кодекстің басты мақсаты - қылмыстық-процессуальдық заңды халықаралық жалпыға бірдей нормалар мен принциптерге неғұрлым жақындату, ескірген қылмыстық-процессуальдық құралдарды неғұрлым тиімді, ақылға қонымдысына ауыстыру және ең бастысы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейту болмақ екенін атап көрсетті.