Жаңа көлік құралдары тапсырылды

Бұл жолы шекара күзететін бөлімшелерге 200-дей көлік, оның ішінде «УАЗ» маркалы жеңіл, жүк және жолаушылар тасымалдайтын автомобильдер, «КАМАЗ» жүк көлігі, «Ивеко» автобустары, «Тайга Варяг» қаршанасы берілді.
Қызметтік міндеттерді орындауға аса қажетті техникаларды салтанатты жағдайда ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары полковник Қанат Ақтанов тапсырды.
«Шекара қызметін одан әрі дамыту және реформа жүргізу - Қазақстан Республикасының Президенті, Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың берген басты тапсырмалардың бірі, бүгінгі таңда бөлімшелердің инфрақұрылымдарын нығайту, шекараны жаңғырту, материалдық-техникалық жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Шекара бөлімшелерінің техникалық жағдайын жабдықтау бағытындағы шаралар да осының құрамына кіреді», - деп атап өтті полковник Қанат Ақтанов.
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің автопаркі жыл аяғына дейін алыстағы шекара заставаларындағы нарядтардың және шекара бөлімшелерінің шаруашылық қызметтерін қамтамасыз етуге қажетті жаңа автотехникалармен толықтырылатын болады.
Жалпы айтқанда, биылғы жылы әскерге 600 дана техника беріледі. Шекара қызметін техникалық жағынан жабдықтау жыл өткен сайын жақсартыла түседі, осылайша шекара сақшыларының әскери-жауынгерлік қызметінің нәтижелілігі де көтерілетін болады.
Қолдарына жаңа техниканың тізгінін ұстаған шекарашылар да өз кезектерінде мұндай қамқорлыққа ризашылықтарын білдіріп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қорғау жөніндегі тапсырманы орындауға барлық күш-жігерлерін салатындықтарын білдірді.