Жаңа көлік сатып алған бойжеткен небәрі 1,5 сағаттан соң үш адамды қақты

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Мурманск қаласының жергілікті тұрғыны жаңа көлік сатып алғаннан соң небәрі, 1,5 сағатта үш адамды қағып үлгерген, деп хабарлайды informing.ru.
None
None

Прокуратура мәліметінше, жол апаты кезінде бойжеткен алкогольді ішімдікке мас болған.

Аталған оқиға Маклаков көшесіндегі аулада болған. Үш жаяу жүргінші көлік астына түсіп,біреуі қаза тапты, қалған екеуі түрлі ауырлық деңгейінде жарақат алған.

Жүргізуші ханым өз кінәсін бірден мойындады. Оның айтуынша, көлік жүргізу тәжірибесі 1,5 сағатты ғана құрайды.

Болған оқиға жөнінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа жіберілді. Айыпталушы 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар