Жаңа құрылған облыстардан сенаторларды сайлаушылардың 90 пайызға жуығы тіркелді
Орталық сайлау комиссияның түсіндірмесіне сүйенсек, қайта құрылымдалған үш жаңа облыстың Сенат депутаттарын таңдаушылар, яғни, жергілікті мәслихаттардың депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды.
Таңдаушыларды тіркеу бүгін сағат 10.00-де (елорда уақытымен) басталды.
Парламент Сенатындағы 6 мандатқа 12 кандидат үміткер болып отыр.
Барлық үш өңірдегі таңдаушылардың жалпы тізіміне 346 мәслихат депутаты енгізілген.
ҚР ОСК мәліметіне сүйенесек, сағат 12.08-дегі жағдай бойынша Абай ауданынан дауыс беруге тиіс 127 таңдаушының 112-сі, Жетісу облысынан дауыс беруге тиіс 151 таңдаушының 138-і, Ұлытау облысынынан дауыс беруге тиіс 68 таңдаушының 61-і тіркеуден өткен.
Еске салсақ, Сенат депутаттарын таңдаушылар - мәслихаттардың депутаттары болып табылатын республика азаматтары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды.