Жаңа құтқару станциясы: алғашқы операция сәтті аяқталды
АСТАНА. KAZINFORM - Өткен аптада Жамбыл облысында Балқаш көлінде жаңа құтқару станциясы жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Бүгін құтқарушылар алғашқы операциясын өткізді. Кешкі уақытта қозғалтқышының техникалық ақауына байланысты жағадан едәуір қашықтықта қалған балықшы туралы ақпарат келіп түсті.
Төрт құтқарушы катермен көрсетілген бағытқа жедел аттанды. Балықшыны тапқаннан кейін оның қайығын тіркеп, жағаға жеткізді. Жаңа бөлімшенің алғашқы операциясы сәтті аяқталды - балықшы қауіпсіз жерге жеткізілді.
ТЖМ ескертеді: суға шығар алдында қайық пен қозғалтқыштың жарамдылығын, сондай-ақ құтқару құралдарының болуын міндетті түрде тексеріңіз. Өз қауіпсіздігіңізді сақтап, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыз!
Осыған дейінТЖМ жылыту маусымына байланысты тұрғындарға ескерту жасады.