Жаңа мәдениет

Экрандық мәдениетті зерттеуге кірісу барысында ғылыми-техникалық прогресспен тығыз байланыста қарастыруды талап етеді, сонымен қатар қуатты техника экрандық артефактыны жасауға мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан, экрандық мәдениет адамдардың өзара әркеттесуі нәтижесінде осы экрандық ақпараттың символдық бейнесі - кино, теледидар және компьютерлік техника және т.б. жаңа технологиялық аппараттар түріндегі материалдық мәдениеттің жаңа бір элементі саналуда. Сонымен қатар, ол мәтіннің жаңа материалдық өкілі саналатын экран өзінің осындай мәдениет формасында мәдени-өнімін ұсынып келеді.
Ал, енді экрандық мәдениет - бұл жаңа ақпараттық орта, ақпараттық қоғамдағы жаңа мәдениет, мұнда негізгі құндылық материалдық тауар емес, керісінше рухани фактор - ақпарат пен білім. Өйткені, адамдардың жаңа азығының орталығы ақпараттық қоғам деп аталады. Бұл қоғамда экрандық мәдениет функциясы жалпы фондағы ақпараттық мәдениет ретінде жүзеге асады.
Экран сөзінің этимологиясына (шығу төркініне) назар аударатын болсақ, «экран» француз тіліндегі «Ekran» «керме, перде, шымылдық, қалқа (тасалап тұратын нәрсе)» деген қазақша мағыналарды білдіреді. Ал, экран негізгі физикалық анықтамасы былай екен, экран - бұл шала-жансар әртүрлі сәулелердің энергиясын сіңіріп алатын зат немесе құрылғы. Экран сәулелерден қорғайтын, сәуленің энергиясын пайдалану мен одан символдық бейне алу. Нақтырақ айтқанда, экранның қызметі - символдық бейнелік ақпарат алу үшін экрандық мәдениеттің базистік техникасын пайдалану болып табылады. Осы жағдайда, экранның өзі техникалық мағынада, ол көптеген техникалық жүйенің бір бөлігі және көрерменнің назарын өзіне қаратып адамға ақпаратты қабылдауға мүмкіндік беретін көгілдір түсті техника.
Экрандық мәдениет - бұл аудиовизуалдық жүйенің комуникабельдік әмбебап мүмкіндігі. Біз әлі оны жасай алмай отырмыз, мәдениеттің болашағы тұрғысынан алып қарастырғанда, оның анағұрлым маңызды екенін аңғарумызға болады.
Экрандық мәдениет - экрандық бейне мен экран тілге негізделгендіктен. Оның негізгі элементтеріне ауызша сөйлеу, анимациялық модель, электрондық жазбаша мәтін мен басқа көптеген элементтерден құралады. Толықтай табиғи, экрандық мәдениеттің мазмұны өте түрлі-түсті формамен, киномен, телевидения және компьютер байланысты болып келеді. Дәл осы тұста, экрандық мәдениеттің бір түрі бір тармағына тоқталып өткенді жөн көріп отырмыз. Яғни, бәріміз күнделікті қолмын ұстап болмаса да, символдық бейнесін көзбен көріп, дауысын құлақпен есітіп жүрген телеарналардың идеологиялық кемшіліктерін (жарнама саласындағы жалаңаш денелі қыз) байқап қалып жататынымыз рас құбылыс. Телеарнаның экрандық мәдениет дамуындағы рөлі ерекше.
Сөз соңы қазақ мәдениетінің айнасы ретінде қызмет атқарып отырған экрандық мәдениет келесі ұрпақты тәрбиелеумен ғана айналыспайды, тіпті аға ұрпақты да өзінің сапына қосып отыр. Қазақтың біртуары А.Байтұрсынов бабамыздың мәдениет пен футорологтық даналық сөзімен аяқтамақпыз: «Асықпаңдар, артымызда қазы бар, Сүйегіміз таразыға әлі талай тартылар».