Жаңа максимум: Ресейде бір тәулікте 40 мың адамнан коронавирус табылды

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейде коронавирус жұқтырудың расталған жағдайларының саны бір тәулікте 40 251 болды. Бұл – пандемия басталғалы тіркелген жаңа максимум. Бұл туралы сенбі күні жаңа инфекциямен күрес жөніндегі федералды жедел штаб мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Жаңа максимум: Ресейде бір тәулікте 40 мың адамнан коронавирус табылды

Салыстырмалы түрде ауруға шалдығушылар санының өсімі 0,48% құрады. Пандемия басталғаннан бері барлығы 8 472 797 адам коронавирус жұқтыран.

Қазіргі уақытта емделіп жатқан пациенттер саны пандемия басталғаннан бері алғаш рет 900 000-нан асты.

Штаб мәліметінше, қазір Ресейде 903 993 адам ауырып жатыр.

Коронавирустан кейін емделген ресейліктердің саны бір күнде 28 909-ға өсті. Барлығы 7 331 424 адам сауығып шыққан.

Ауруханадан шығарылған пациенттердің үлесі ауру жұқтырғандардың жалпы санының 86,5% деңгейінде қалған.

Коронавирустан болған өлім жағдайларының саны бір күнде 1 160-қа артқан, аурудан көз жұмғандардың жалпы саны 237 380-ге дейін өсті.