Жаңа маусымда командадан жақсы нәтиже күтеміз - Руслан Балтиев

АЛМАТЫ. 11 наурыз. ҚазАқпарат  - «Жеңіс үшін ойнасақ, нәтиже өзі келеді», - дейді «Қайрат» футбол клубының капитаны Руслан Балтиев. Сырт алаңдағы алғашқы ойынның алдында  Қостанайдың «Тобылымен» болатын бұл кездесу команда үшін өте

Жаңа маусымда командадан жақсы нәтиже күтеміз - Руслан Балтиев

қиынға түсетінін айтқан еді. Жаңа маусымға әзірлік кезінде алматылықтардың Бас бапкері болып тағайындалған Дмитрий Огай команданы 2 айдың ішінде жаңадан қайта жасақтауға мәжбүр болды. Өйткені «Қайрат»  сапында өткен маусымда өнер көрсеткендерден онда тек  жартылай қорғаушы Руслан Балтиев пен қорғаушы Нұрсайын Жолдасов қана қалған болатын. Бұл сында алматылықтардың қақпасын  «Атыраудан» ауысып келген  Андрей Шабанов қорғаған болатын. Д. Огайдың бұрынғы шәкірттері бұл жолы қонақтардың қақпасына жауапсыз 4 доп соқты.

«Біздің міндет әрбір ойында жеңуге тырысу. Команданың қандай орын алатынын маусым соңында ғана білеміз. Ақтөбенің «Ақтөбе», Талдықорғанның «Жетісу»,  Қарағандының «Шахтер», Қостанайдың «Тобыл» сияқты  командаларымен болатын кездесулер бізге біршама қиындық тудыруы мүмкін. Дегенмен команда үшін кез келген ойын маңызды. Оны бірінші не соңғы деп  бөле-жаруға болмайды», - дейді Р. Балтиев.