Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматыда «Мектепке жол» жедел алдын-алу іс-шарасы басталмақ

АЛМАТЫ. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат - Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматыда «Мектепке жол» жедел алдын-алу іс-шарасы басталмақ. Шараның басты мақсаты - кәмелетке жасы толлмағандар арасында орын алатын қылмыстық жағдайды тұрақтандыру, есірткі мен басқа да бас айналдыратын заттардың таралуының алдын алу мен тыю фактілері болып табылады, деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматыда «Мектепке жол» жедел алдын-алу іс-шарасы басталмақ

Сонымен қатар жас жеткіншектердің түнгі клуб, копьютерлік залдар, кафе мен барлар, жертөлелер мен шатырлар сияқты олар көп шорғырланатын жерлерді тексеру. Жағдайы төмен отбасыларының арнайы есепте тұрған кәмелетке жасы толмаған балаларының қайыр тілеп, не болмаса үлкендер тарапынан есірткі қолдануға немесе басқа да түрлі заңсыз әрекеттерге итермелейтіндерді анықтап, солардың арасындағы нашақорлар мен таксикамандар, ішімдікке әуес балаларды заң бойынша стационарлық емдеуге жөнелту.

«Айта кететін болсақ, бұл ауқымды іс-шара Қазақстан Республикасының «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы заңбұзушылықты және бақылаусыз, қадағалаусыз қалған балалардың тәрбиесін қадағалау мен ескерту туралы» Заңының толық орындалуына бағытталып отыр. Осы орайда қаланың барлық аудандарында тұрмысы төмен отбасыларының кәмелетке жасы толмаған балаларының есірткі мен ішімдікке тәуелділігі анықталып, олар арнайы есепке алынатын болады»,- деп хабарлады Алматы қалалық ІІД Қоғамдық қауіпсіздік Басқармасы бастығының орынбасары Айгүл Шөпшекбаева.

Іс-шараның жүргізілуіне байланысты түнгі уақыттарда түрлі көңіл көтеретін орындарды қала полицейлері толығымен тексеріп, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің үлкендердің қарауынсыз көңіл көтеру орындарына келіп, уақыт өткізетіндерді анықтап, қолданыстағы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты олардың әке-шешелерімен қатар көңіл көтеру орындарының қожайындарын да әкімшілік жауапкершілікке тартатын болады.

«Шара барысында, сондай-ақ, мектеп қабырғасындағы кәмелетке жасы толмаған балалардың оқудан тыс қалуын және білім ордаларында тізімге алынбай қалған оқушыларды анықтауды полицейлер ерекше назарда ұстап отыр. Өткен жылғы өткізілген дәл осындай іс-шараның қорытындысынан мысал келтіре кететін болсақ: мектепке бармаған 6 кәмелетке жасы толмаған бала анықталған. Сонымен қатар шара барысында түрлі әкімшілік құқық бұзушылық пен қылмыс жасаған 1094 бала Ішкі істер органдарына жеткізіліп, оның ішінде 641-і әкімшілік жауапкершілікке, 558-і спиртті ішімдік ішкендері үшін, 4-і қоғамдық орындарда жасаған бұзақылық әрекеттері үшін жауапқа тартылған. Сондай-ақ, өткен жылдың қорытындысы бойынша ҚР әкімшілік құқық бұзу кодексінің 114 және 113-баптарына сәйкес сауда саласындағы 11 сатушы кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатқандары үшін жауапкершілікке тартылған болатын. Әкімдік жанындағы ведомствоаралық комиссияның қарауына 9 мәлімет жіберілген, оның 3-еуі ата-ана құқынан айыру туралы болса, 2-еуі тәрбиеге мойынсұнбайтын балаларды арнайы білім ұйымдарында тәрбиелеу туралы нақты іс-шаралар қабылдау талап етілген»,- деп атап өтті полковник Шөпшекбаева.

Ескерте кететін болсақ, «Мектепке жол» жедел алдын алу іс-шарасы 28 тамызға дейін жалғасатын болады.