Жаңа оқу жылына дайындық әлі өз деңгейінде жүргізіліп жатқан жоқ - Білім және ғылым министрі

Астана қалаларының білім беру басқармалары бастықтарының басын қосып, жиын өткізген ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев айтты.
«Қазіргі біздің алып отырған ақпараттарымызға байланысты 10-шы тамызға дейінгі мәліметтерге сәйкес жаңа оқу жылына дайындық әлі өз деңгейінде жүргізіліп жатқан жоқ. Осы мәселе бізге алаңдаушылық тудырып отыр», деді министр өз сөзінде.
Оның атап өтуінше, ағымдағы оқу жылында 7537 мектеп оқушылар үшін есігін айқара ашатын болады. Оларда 2 миллион 497 мың бала білім алады. Жаңа оқу жылында 297778 бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы отыр. «Бұл былтырғыға қарағанда 60 мыңға көп. Яғни бұл еліміздегі жағдайдың жақсарғанын, демографиялық ахуалдың дұрысталғандығын көрсетіп отыр. Сонымен қатар бұл біздерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Яғни бірінші сыныптарды, мектептердің дайындығы мәселелерінде жақсылап жұмыс істеуіміз қажет», деді Ж.Түймебаев.