Жаңа оқу жылында Астанада 4 мектеп пайдалануға берілмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа оқу жылында Астанада 4 мектеп есігін ашады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне білім басқармасы басшысының орынбасары Қасымхан Сенғазиев хабарлады.

Жаңа оқу жылында Астанада 4 мектеп пайдалануға берілмек

«4 мектептің барлығы қаланың сол жағалауында орналасқан: екеуі - Есіл ауданында, екеуі - Алматы ауданында. Бұл мектептердегі үш ауысымдық оқытуды жоюға көмектесу үшін жасалып отыр. Астанада қазіргі уақытта апаттық жағдайдағы мектептер жоқ», - деді Қ.Сенғазиев.

Оның хабарлауынша, биыл демеушілердің қаражатына аз қамтылған отбасылардан шыққан 7 мыңға жуық балаға жәрдем көрсетіледі. Өткен жылы осындай шараның аясында бірінші сыныпқа аяқ басқан 6 803 оқушы мектепке қажетті керек-жарақпен қамтылды. Жаңа оқу жылында білім басқармасының деректері бойынша 13 мыңға тарта бала бірінші сыныпқа барады.