Жаңа оқу жылында білім ошақтары қалай дезинфекцияланады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысымен білім ошақтарын дезинфекциялау режиміне қойылатын талаптар айқындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қаулы бойынша, ең әуелі білім беру ұйымының әкімшілігі үй-жайларды жинауға, білім алушылардың, педагогтер мен персоналдың қолын өңдеуге арналған дезинфекциялау және жуу құралдарының азаймайтын (кемінде бір айлық) қорын қамтамасыз етуі керек.
Сондай-ақ:
-Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеу денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарға ғана рұқсат етіледі.
Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталуы тиіс. Ыдыстағы заттаңба дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңі бойы сақталады, бөгде адамдарға берілмейді және қараусыз қалдырылмайды.
- Ғимаратты үнемі желдету процесі оқу процесі мен жұмыс режимінің кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
-Сыныптардың, фойелердің және дәліздердің үй-жайларының ауасын залалсыздандыру ауаны зарарсыздандыруға арналған жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты сақтай отырып жүргізіледі.
- Есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, баспалдақ марштарын, кабинеттерді, аудиторияларды, ортақ пайдаланылатын орындарды (спорт, акт залдары, кітапханалар, киім ілетін орындар, асхана, санитариялық тораптар, себезгі және тұрмыстық бөлмелер және т.б.) вирулицидті әсер ететін дезинфекциялау құралдарымен міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ылғалды жинау күніне кемінде 2 рет жүргізіледі.
- Үй-жайларды күрделі жинау аптасына кемінде 1 рет жүргізіледі.
- Ғимарат тазалауға қолданылатын шелектер, щеткалар, шүберектер пайдаланылғаннан кейін арнайы бөлінген орындарда өңделуі және сақталуы тиіс.