Жаңа оқу жылында жатақхана мен интернатта тұрудың тәртібі қандай
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысымен жатақхана мен интернатта тұрудың тәртібі бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Білім беру ұйымдарының интернаттары мен жатақханаларында тұру санитариялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жобалық қуатқа сәйкес жүзеге асырылады», - деп жазылған құжатта.
Сонымен, бас санитардың қаулысы бойынша жатқханамен интернаттарды мындай сақтық шаралары сақталуы керек:
- Білім беру ұйымдарының интернаттары мен жатақханаларында бос уақытты және өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізу тоқтатылады. Үй-жайлардың санитариялық өңделуіне және белгіленген өткізу режимінің қамтамасыз етілуіне бақылау күшейтіледі.
- Интернаттар мен жатақханаларда бөгде адамдардың болуына жол берілмейді.
- Интернаттың, жатақхананың әрбір қабаты жанаспайтын шашыратқыш диспенсерлермен немесе оларды қосымша құю үшін дезинфекциялау ерітіндісі бар санитайзерлермен жабдықталады.
- Интернаттар мен жатақханаларда тұратын студенттер 14 күндік карантинге оқшауланған уақытта дүкендер мен дәріханаларға шығуды қоспағанда, тұрақты тұратын жерлерге немесе өзге де орындарға шығуына жол берілмейді.
- Білім беру ұйымы жатақханадан шыққаннан кейін оралған білім алушының денсаулық жағдайына оралған күнінен бастап күнтізбелік 14 күн ішінде мониторинг жүргізеді.
- Интернаттарда, жатақханаларда мынадай эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі:
1) білім алушылардың дене температурасының жоғарылауы немесе жіті респираторлық вирустық инфекцияның өзге де белгілері жағдайлары журналда тіркеледі;
2) тәуекел топтарын ескере отырып, созылмалы аурулары бар білім берушілерге ерекше бақылау қамтамасыз етіледі.