Жаңа Орлеандағы атыс салдарынан 17 адам жараланды

АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат - Соңғы мәліметтер бойынша Жаңа Орлеандағы атыс салдарынан 17 адам жараланды, деп хабарлайды РБК Associated Press агенттігіне сілтеме жасап. Оқиға «Аналар күніне» арналған шеру кезінде орын алды.

Жаңа Орлеандағы атыс салдарынан 17 адам жараланды

Жаңа Орлеан полициясы басқармасының баспасөз хатшысы Реми Брейденнің айтуынша, жараланғандардың басым көпшілігі айтарлықтай жарақат алған жоқ. Олардың өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ.

Полиция қылмыскерлерді іздестіруде.