«Жаңа өрмекші адам» қазақ тілінде сөйлейді

АСТАНА. 30 маусым. ҚазАқпарат - 2 шілде күні сағат 15:40-та Астана қаласында Columbia Pictures студиясының «The Amazing Spider-Man» фильмінің «Жаңа Өрмекші адам» атты қазақ тілді нұсқасының алдын ала қайырымдылық көрсетілімі өткізіледі.

«Жаңа өрмекші адам» қазақ тілінде сөйлейді

«Жаңа Өрмекші адам» - қазақстандық кинотеатрларда қазақ тілінде көрсетілетін төртінші киноөнім. Шара «Керуен» сауда орнында өтеді.

«Керуен» СО-ның хабарлауынша, алдын ала көрсетілімге «Болашақ» Қауымдастығы кеңесінің төрағасы Бауыржан Байбек, «MARWIN» компаниясының Астана қаласындағы филиалының директоры Владимир Ремнев,«Damu Contract logistics» компаниясының Астана қаласындағы филиалының директоры Михаил Шамаков, қазақ дубляжінің режиссері Айжан Жәмшитова(«Көліктер 2», «Батыл жүрек»), басты кейіпкерді дыбыстаған Мерей Әджібеков, Астана қаласы мен Ақмола облысы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, зиялы қауым өкілдері қатысады.

Фильм премьерасы қазақ және орыс тілдерінде еліміздің барлық аймақтарының кинотеатрларында 2012 жылдың5 шілдесі күні өткізіледі.