Жаңа отандық «Біздің ағай» телехикаясы көрерменге жол тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 қазан күні «Қазақстан» телеарнасында 16 сериялы «Біздің ағай» комедиялық телехикаясының тұсауы кесілді.

Жаңа отандық «Біздің ағай» телехикаясы көрерменге жол тартты

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, телехикая зейнеткерлікке шығып, танымал блогер және жастардың тәлімгері атанған ауыл ақсақалының өмірі туралы баяндайды.

Оқиға Жамбыл облысының Шу ауданында өтеді. Бас кейіпкерлер - Жомарт ағаның отбасы және ауылдастары. Туындының режиссері - «Әпке», «Агент Z» және т.б. телехикаяларымен танымал Мұрат Бидосов. Туынды әзіл-оспаққа негізделсе де, отансүйгіштік, үлкендерге деген құрмет, Отанға, отбасыға деген махаббат тақырыптары кеңінен насихатталады. Хикая барысында отандық өндіріс өнімі және заманауи технология жетістіктері көрсетіледі.