Жаңа Салық кодексінің жобасы жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Ұлттық экономика министрлігі «Ашық НҚА» порталында жаңа Салық кодексінің жобасы орналастырылғанын хабарлады.

Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырды.
«Осы Кодекс салық салудың негіз құраушы қағидаттарын белгілейді. Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, өзгерту, олардың күшін жою, есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындауға байланысты мемлекет пен салық төлеуші арасындағы қатынастарды реттейді», - делінген құжатта.
Жоба туралы мына сілтемеден көруге болады.
Айта кетейік, жаңа Салық кодексі кейбір салық төлеушілерді жеке кәсіпкер ретінде тіркелуден босатады.
Мәжілісте жаңа Салық кодексінің негізгі бағыттары таныстырылды.