Жаңа салынған үйлерге интернет тарту міндеті заң жүзінде бекітілуі мүмкін
«Интернет, газ, электроэнергия, су тұрғындар үшін бірінші қажетті заттар. Сол себептен біз біраз заңнамалық өзгерістер жасаудамыз. Атап айтқанда кондоминимумдерге байланыс нысандарын алып тастауға тыйым салу керек. Жаңа үйлерді пайдалануға беру алдында міндетті түрде оны оптика желісімен қамтамасыз еткен абзал. Сондай-ақ интернеттің жылдамдығы туралы сапа талаптарын бекіткен жөн», - деді Бағдат Мусин Үкімет отырысында.
Оның айтуынша жалпы бұл ретте мемлекеттік органның рөлі күшейтіледі.
«Интернет сапасына халықтың бақылауын жүргізу үшін Bailanys.bar қызметі іске қосылды. Қазіргі уақытта оны 50 мыңнан астам адам қолдануда. Сонымен қатар, мемлекеттік бақылау мақсатында 17 жылжымалы өлшеу кешендері сатып алынып жатыр. Соның нәтижесінде халықтық және мемлекеттік бақылаудың деректері бір жүйеге жиналып, ары қарай операторлармен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие боламыз», - деді ол.