Жаңа салынып жатқан үйде 4 метр биіктіктен жұмысшы құлап кетті - ТЖМ

АСТАНА. 24 маусым. ҚазАқпарат - Астанадағы Тұран даңғылы бойында  жаңадан салынып жатқан құрылыс нысанында қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Жаңа салынып жатқан үйде 4 метр биіктіктен жұмысшы құлап кетті - ТЖМ

Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Базис-А» құрылыс компаниясының 22 жастағы монтажшысы 4 метр биіктіктен құлап кетті. Бірнеше  жерінен жарақаттанған азамат ауруханаға жатқызылды.