Жаңа сайлау президенттік реформаларды сәтті жүзеге асыруға септігін тигізеді - Р.Ким

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа сайлау президенттік реформаларды сәтті жүзеге асыруға септігін тигізеді. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында бесінші сайланған Парламентті тарату және жаңа сайлауды тағайындау туралы ҚР Президентінің атына жолданған Үндеуді талқылау барысында депутат Роман Ким осылай мәлімдеді.

Жаңа сайлау президенттік реформаларды сәтті жүзеге асыруға септігін тигізеді - Р.Ким

«Қазақстан үшін жаңа сын-қатерлер алдында халықтың бірлігін нығайтудан маңызды мәселе жоқ. Сондықтан да, барша қазақстандықтар Елбасының төңірегіне топтасуы қажет. Кезектен тыс Мәжіліс сайлауы дағдарысқа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру үшін барлық қазақстандық қоғамның топтасуын, бірігуін қамтамасыз етеді. Біз дағдарыстың ел бірлігін, тұрақтылығын сынау үшін болатын сынақ екенін, сонымен бірге, осы арқылы жаңа мүмкіндіктер де туатынын ұмытпауымыз керек. Жаңа сайлау президенттік реформаларды сәтті жүзеге асыруға септігін тигізеді, бұл Ұлт жоспары мен дағдарысқа қарсы шараларды сауатты құқықтық қолдау үшін аса маңызды», - деді Роман ким.

Депутаттың айтуынша, сайлау арқылы жаһандық дағдарыстың жағымсыз әсерлеріне қарсы тұру үшін де мүмкіндікті арттырады. Сонымен қатар, бұл қадам қауіпсіз келешек үшін ұлттық бірлікті қалыптастыру тұрғысынан да аса өзекті.

«Жоғары және жергілікті өкілдік берілген сайлауларды біріктіру бюджет қаражаттарын айтарлықтай үнемдейді. Сондықтан да, Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобы Мәжілістің және мәслихаттың кезектен тыс сайлауын өткізу туралы бастаманы қолдайды. Біз барлық қоғамдық ұйымдарды, үкіметтік емес ұйымдарды және барша ел азаматтарын осы бастаманы қолдауға шағырамыз», - деді Р. Ким.