Жаңа «Шерлок Холмс» пен «Кунгфу Панда» кинолары музыкаларының авторы «Оскардан» бас тартты

АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Әлемге танымал композиторлардың бірі, киноға музыка жазушы Ганс Циммер биыл өзін «Оскарға» ұсынудан бас тартты, деп жазды bnews.kz сайты.

Жаңа «Шерлок Холмс» пен «Кунгфу Панда» кинолары музыкаларының авторы «Оскардан» бас тартты

The Hollywood Reporter-ге берген сұхбатында ол мұндай шешімін былай деп түсіндірді: «Оскар шорт-парақшасын жариялағаннан кейін туындайтын әбігерліктен шаршадым».

«Жүлдеге ұсынылғаныңды естігеннен кейін сені таңғы бесте телефон соғып оятады, содан соң үздіксіз сұхбат беруге мәжбүр боласың, кештердің бірін жібермей барып, түрлі адамдармен кездесуге тура келеді, бір сөзбен айтқанда, биыл осының бәрінен демаламын деп шештім», - деді ол.

2011 жылы Циммер жаңа «Шерлок Холмсқа», кезекті «Кариб теңізінің қарақшыларына», екінші «Кунгфу Пандаға» және «Ранго» мультфильміне музыка жазған болатын, деп хабарлайды «Известия».