Жаңа стадионға Рим папасының есімін бермек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рим папасы Франциск жанкүйерлік ететін аргентиналық футбол клубы жаңа стадионға понтификтің есімін бермек, деп хабарлады ВВС.
Рим папасы Франциск - «Сан-Лоренсо де Альмагро» футбол клубына, Буэнос-Айресте тұрған кішкентай кезінен жанкүйер. Ол - осы команда жанкүйерлерінің ең атақтысы. Жаңа стадион Аргентинада 1976-1983 жылдары әскерилер билік етіп тұрғанда тартып алынған жерге салынбақ.