Жаңа тарифтің енгізілгендігіне қарамастан, теміржол көлігі әлі де бәсекеге қабілетті - «Жолаушылар тасымалы» АҚ вице-президенті

АСТАНА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Темір жолдағы жолаушылар тасымалының бағасы 10 пайызға қымбаттағанымен аталмыш саладағы көліктер өзге көліктермен салыстырғанда әлі де болса бәсекеге қабілетті.
None
None

Бұл туралы ақпарат құралдарының өкілдерімен болған баспасөз мәслихатында «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының Қаржы жөніндегі вице-президенті Бағлан Қапияшева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, елімізде тек теміржол арқылы ғана жолаушылар тасымалдауға болатын аймақтар бар. «Ал біздің вагондарымыздың жолаушылармен қамтылу деңгейі қыс мезгілінде

ең кемі 65 пайызды құрайды. Ал жаз мезгілінде бұл көрсеткіш 90-нан асып жығылады. Сондықтан теміржол тасымалының қымбаттауымен жолаушылар өзге көліктерге ауыса бастайды деуге ешқандай негіз жоқ. Бұған бірнеше мысал келтіруге болады. Айталық, Астана-Қарағанды бағыты бойынша жеңіл көліктердің бағасы жай күндері 600 ал демалыс күндері 800 теңгегені құраса, мереке күндері олардың құны 1 мың 200 теңгеге дейін көтеріледі. Ал аталмыш бағыт бойынша теміржолдағы баға қазір 560 теңге болса, жаңа тарифтің қолданысқа енгізілуіне орай бұл көрсеткіш шамамен 620 теңге болуы мүмкін. Яғни біз әлі бәсекеге қабілеттіміз», деді вице-президент.

Соңғы жаңалықтар