Жаңа технологияларды пайдалану арқылы жол құрылысында энергияны - 25, жалпы шығынды 5 пайызға азайтуға мүмкіндік туады - А. Жұмағалиев

АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Биыл ҚР Көлік және коммуникация министрлігі жол құрылысында жаңа технологияларды белсенді түрде енгізіп отырды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев айтты.
None
None

Министрдің айтуынша, «Микросюрфейсинг» жол жамылғысын қолдану жөнінде алғаш рет тәжірибелік жұмыстар атқарылған. Бұл бұдырлы-сыртқы өңдеу (БСӨ) технологиясын алмастырып, жолдық жөндеуаралық мерзімін 2-3 жылға ұзартатын болады.

«Сонымен қатар, монолитті темірбетон көпірлерін де сала бастадық, ол құрылыс құнын 30 пайызға арзандатады. Келесі жылдан бастап жылы асфальт-бетон қоспаларын пайдалануды тәжірибелік мақсатта қолданатын боламыз», - деп атап өтті ол.

Министрдің мәліметінше, сол арқылы энергия шығынын 25 пайызға қысқартып, жол құрылысы шығындарын 5 пайызға азайтуға мүмкіндік туады.

«Қазіргі уақытта «ҚазжолҒЗИ» АҚ инновациялық материалдар мен технологиялар қолданылатын 40 тәжірибелік мониторинг жүргізуде. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша олардың құрылыста пайдалану мүмкіндігі анықталады», - деді А. Жұмағалиев.

Соңғы жаңалықтар