Жаңа темір жол желісімен «Жезқазған-Сексеуіл-Қызылорда» пойызы алғашқы сапарға шығады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 наурызында көпшіліктің сұранысын қанағаттандыру және жолаушыларға деген қызмет сапасын мақсатында «Қазақстан темір жолы» АҚ «Жезқазған-Сексеуіл-Қызылорда» бағытында жаңа пойыз шығармақ.

Пойыз тұңғыш рет жаңа темір жол желісімен: Жезқазған -Қарсақпай-Байқоңыр-Көктал-Коскөл-Қарашеген-Абай-Сексеуіл әрі қарай Арал-Қазалы арқылы Қызылордаға дейін қатынайтын болады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

40-тан астам елді мекендерді қамтитын бұл бағыт «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы әлеуметтік маңызды жоба болып табылады.

«Бұған дейін біздің тұрғындар еліміздің оңтүстігіне бару үшін Қарағанды арқылы қатынап, канша уақыты мен қаржысын шығындайтын. Енді міне, төте жол салынып халық жол азабын тарпайтын болды. ҚТЖ компаниясына ризашылығымызды білдіре отырып, жаңа жол аймаққа жаңа серпін береді деп сенеміз»- дейді Жезқазған қаласының әкімі Батырлан Ахметов.

Пойыз Жезқазғаннан 19 сағ. 12 минутта шығып, Қызылордаға келесі күні 19 сағ. 53 мин. келеді.
2

Соңғы жаңалықтар
telegram