«Жаңа титулға жорық басталды»: Жәнібек Әлімханұлы биылғы басты жоспарымен бөлісті

Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы биылғы басты жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Kazinform. 

«Жаңа титулға жорық басталды»: Жәнібек Әлімханұлы биылғы басты жоспарымен бөлісті
Фото: Top Rank

«2024 жыл басталды дегеніміз, жаңа титулға жорық басталды деген сөз. 2023 WBO титулын сәтті қорғап, IBF титулын жеңіп алған берекелі жыл болды. Құдай қаласа биыл кем дегенде тағы 1 титулды қанжығаға байлау керек. Қазақ абыройын асқақтатып, көк туды желбірету керек! Мақсат осы», - деп жазды Ж.Әлімханұлы өзінің Instagram-парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Әлімханұлы өткен жылы соңғы айқасын 14 қазанда АҚШ-та неміс боксшысы Винченцо Гуальтьериге қарсы өткізіп, алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Нәтижесінде WBO чемпиондық белбеуін сәтті қорғап, IBF белбеуін қанжығасына байлады.

Ал қазақстандық кәсіпқой боксшы 2024 жылы кәсіпқой бокстағы жетістігін ары қарай жалғап, өз салмағында үшінші титулдық белдікті жеңіп алуды көздеп отыр.