Жаңа төлқұжатта «ұлты» деген сөз болуы керек ? Бас прокуратура өкілі

АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бас прокуратура азаматтарға берілетін жаңа төлқұжатқа «ұлты» деген сөзді міндетті түрде енгізу қажет деп есептейді.
None
None
Бұл туралы бүгін журналистермен кездесуі барысында Бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, қазіргі таңда аталмыш мәселеге байланысты қоғам арасында көптеген пікірлер айтылуда. Азаматтардың кейбіреулері құжатта «ұлты» деген сөздің міндетті түрде болуын талап етуде. «Осыған байланысты Бас прокуратура еліміздің қолданыстағы бірқатар нормативтік-құқықтық актілерін саралай келе, өз шешімін ұсынуды жөн көріп отыр. Жалпы еліміздің басты заңының 19-шы бабында әр азаматтың өз ұлтын көрсету немесе көрсетпеуі өз еркінде екендігі айтылған. Сондай-ақ Конституцияның 4-ші бабында еліміздің басты заңының жоғары заңдық күші бар екендігі және оның республиканың барлық аймағында бірдей міндетті екендігі көрсетілген. Бұған қоса 39-шы бапта 19-шы баптың ешқандай да мәселемен шектелмейтіндігі белгіленген. Үкімет бұл нормаларды ескермеген. Сөйтіп, еліміз азаматтарының конституциялық құқықтарының жүзеге асырылу мүмкіндігі жойылды» деді ресми өкіл.Сондай-ақ оның сөзінше, сараптама жұмыстары жоғарыда аталған Конституция баптарының жүзеге асырылуы бірқатар нормативтік-құқықтық актілер мен заңдардың жүйесіздігінен шектеліп отырғандығын көрсеткен.
Соңғы жаңалықтар