«Жаңа толқын-2013» байқауында ADAM бесінші орын алды

АСТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат - Кубалық жас әнші Роберто Кел Торрес Юрмалада өткен "Жаңа толқын-2013" байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды tengrinews.kz сайты байқаудың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Жаңа толқын-2013» байқауында ADAM бесінші орын алды

Сайыстың үш күнінде кубалық әнші 357 ұпай жинады. Грузия елінен келген Саломе Катамадзенің одан бір ұпайы төмен. Үшінші орынды 354 ұпай жинаған вьетнамдық Винх Хат иеленді. Ал қазақстандық ADAM 347 ұпаймен бесінші орын алды.

"Жаңа толқын-2013" байқауының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі бүгін гала-концерт кезінде болмақ.