10:49, 20 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Жаңа туған егіз балаларға туу туралы куәліктер табысталды
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанадағы №1 перзентханада босанған 5 анаға туу туралы куәліктер табыс ету рәсімі болды,

деп хабарлайды astana.kz сайты қалалық Әділет департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана қаласы Сарыарқа аудандық Әділет басқармасының қызметкерлері салтанатты жағдайда туу туралы куәліктер мен сыйлықтар табыс етіп, отбасы, ана, әке және баланың мемлекеттің қорғауында екенін атап өтті.
Ата-аналарды Астана қаласы Сарыарқа ауданы Әділет басқармасының қызметкерлері А.У. Жаненова мен А.К. Қарлығашева, перзентхананың бас дәрігері Е.А. Тихомирова құттықтады.