Жаңа туған нәрестелерде кездесетін сарғыштану қауіпті ме?

нәресте
Фото: Pixabay

Күз, қыс айларында дүниеге келген балаларда жиі кездесетін сарғыштанудың себептері неде? Бұл сұраққа Jibek joly телеарнасындағы «Біздің дәрігер» бағдарламасына келген педиатр Мереке Тұңғышбаева мен балалар инфеционисті Әлия Жолдыбаева жауап берді. 

Нәрестелердің сарғыштануы – қанда билирубин деңгейінің көтерілуімен жүретін жағдай. Билирубин – эритроциттердің бұзылуынан пайда болатын сары денешік. Қанда билирубиннің жоғары деңгейі кезінде тері және шырышты қабаттар сары түске боялады. Негізінен нәрестелердің сарғыштануы физиологиялық және патологиялық себептерге байланысты болады. Физиологиялық сарғаю жаңа туған нәрестелердің шамамен 70%-да кездеседі, ол 3-4 күннен кейде 10 күннен соң өздігінен кетеді.

Сарғыштанудың 5 деңгейі болады. Соның ішінде патологиялық сарғаю ауыр жағдайда өтеді және науқас бала дәрігерлердің қатаң бақылауында болады. Себебі қандағы билирубиннің әдеттен тыс жоғары деңгейі жаңа туған нәрестенің миының зақымдалу қаупін тудыруы мүмкін. Нәрестенің сарғаюын тексеру үшін оның маңдайын немесе мұрнын ақырын басып қарауға болады. Егер басқан жерде нәрестенің терісі сары болып көрінсе, сіздің балаңызда жеңіл сарғаю болуы мүмкін. 

Ескертетін жайт перзентханадан шыққан соң балаңыздың терісі әсіресе алақаны мен табаны сарғайса бірден дәрігер шақыртыңыз. 

Сарғыштанудың емі – фототерапия. Бұл кезде нәресте арнайы жасанды жарық түсіретін лампа астында жатады. Сирек жағдайларда нәрестеге тамырішілік сұйықтық енгізу қажет болады. 

Соңғы жаңалықтар