Жаңа туған нәрестесін тоңазытқышта қатырып ұстаған ана ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рязань тұрғынына жаңа туылған нәрестені өлтірді деген айып тағылуда, деп жазады шетелдік БАҚ.
Тергеу деректеріне сүйенсек, 2013 жылдың аяғында әйел өз үйінде ер баланы дүниеге әкеліп, кейін одан құтылғысы келгенге ұқсайды. Ол нәрестені тоңазытқыштың мұздатқышына салып қойған.
Бала өткен жылдың 25 желтоқсанында дүниеге келген. Рязань тұрғыны 2014 жылы қаңтарда тұрғылықты жерін ауыстырмақ болып шешкенше, бала тоңазытқышта жатқан. Көшпес бұрын әйел баланы жұмысына - қалалық нарыққа апарған. Сол жерде де сауда нүктелерінің бірінде баланың денесін тоңазытқышқа салған. Нәрестенің денесін сол жерден тауып алды.
РФ Рязань облысының тергеу басқармасынан хабарлағандай, әйелге қатысты РФ ҚК 106-бабы «Ананың жаңа туған нәрестесін өлтіруі» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу органдары оқиғаның себеп-салдарын анықтауда. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.