Жаңа тұмау Жапонияға да жетті
ТОКИО. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат - Жапония өкіметі А(H1N1) тұмауын ондаған адамның жұқтырғаны туралы хабар таратты.
Ауырғандардың көпшілігі - елдің батысындағы екі префектураның оқушылары мен студенттері, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаттық» радиосына сілтеме жасап. Жапонияда барлығы жаңа тұмауды жұқтырудың 78 оқиғасы расталып отыр. Бірақ та тұмаумен бірінші ауырған студент туралы тек сенбі күні жария етілген. Кобе және Осаки префектураларында жаңа тұмаудың тез таралуына байланысты мектептер жабылып, бұқаралық шаралардың барлығы тоқтатылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әлем елдерінде жаңа тұмаумен ауырғандардың саны 8 мыңнан асқан.