Жаңа тұрғын үйлердің нарықтағы бағасы өзгерген жоқ - Статистика

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы қыркүйек айында елімізде тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі байқалды.

Жаңа тұрғын үйлердің нарықтағы бағасы өзгерген жоқ - Статистика

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, 2014 жылғы қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда абаттандырылған тұрғын үйлерді жалға беру бағалары 1 пайызға, абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату - 0,4 пайызға, абаттандырылған тұрғын үйлерді сату 0,3 пайызға өскен.

Ал өткен айда жаңа тұрғын үйді сату бағалары өзгермеген. Атап айтқанда, қыркүйекте жаңа тұрғын үйдің сатылым бағасы шаршы метріне 214 695 теңгені құрады, бұл тамыз айындағы бағамен бірдей. Сонымен бір мезгілде абаттандырылған тұрғын үйлердің шаршы метр бағасы 171 899 теңгені құраса, бұл тамыз айымен салыстырғанда 0,3 пайызға жоғары болып отыр.