Жаңа тұрпаттағы «Таразы-тағдыр» байқауының қорытындысы шығарылды

АЛМАТЫ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Республикалық «Балалар кітабы» қоғамдық қоры мен Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитеті бірігіп ұйымдастырған «Таразы-тағдыр» байқауының қорытындысы шығарылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Ол 2008 жылдың наурыз айында жарияланған болатын. Мақсат ? бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеп жатқан немесе жаза мерзімін өтеп шыққан көркем шығарма жазуға бейімі бар азаматтарды қолдау. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тәрбиелік мәні жоғары көркем туындылардың жазылуына түрткі болып, оларды насихаттау», дейді «Балалар кітабы» қоғамдық қорының президенті Қанат Қайымов. Оның айтуынша, байқауға проза және поэзия саласында 18 адамнан шығармалар келіп түсті. Оның арасында ИЧ-167/3 мекемесінен Жомарт Қалдарбековтың «Таңғы елес», АК156/17 мекемесінен Владимир Корнеровтың «Жаңбырдан кейін», ОВ 156/2 мекемесіндегі №7 жасақтан Байта Сарбасұлының «Шалық түскен тағдырыма не шара» деген әңгімелері бар. Ұйымдастырушылар байқау қорытындысында Еркебұлан Құрманғалиев, Ерзат Қалыбаев, Саиера Халмантаева, Бақыт Коляров, Бекежан Наурызбаев, Ізбасар Бекесов, Жаңыл Ермекқалиева, Александр Васьковский, Олег Истомин, Эдуард Пан, Александр Шиенко, Ирина Мучкаева, Сәуле Ағыбаева, Юлия Кваша, Людмила Рудакова сияқты өзге де талапкерлерді арнайы дипломдармен марапаттады.
Соңғы жаңалықтар