Жаңа университет Қазақстанның келбетін өзгертетін жаңа элитаны дайындауда серпін жасайды - Н.Назарбаев

ТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Назарбаев Университеті» ХХ ғасырдың ғалым-мамандарын - жаңа элитаны дайындауда, Қазақстанның келбетін өзгертетін серпін жасайды.

Жаңа  университет Қазақстанның келбетін  өзгертетін жаңа элитаны дайындауда    серпін   жасайды  -  Н.Назарбаев

Бүгін «Назарбаев Университетінің» студенттері мен оқытушыларының алдында дәріс оқыған Елбасы Н.Назарбаев осылай деді.

«Білім бүгінде - тек бедел ғана емес, ол - құндылық, жеке адамның және тұтас бір елдің табысының негізі. Жаңа университеттің еліміздің жаңа элитасын - Қазақстанның келбетін өзгертетін ХХ ғасырдың ғалым-мамандарын дайындауға серпін жасайтынына сенімдімін», - дейді Елбасы.