Жаңа ұялы қосымша ішімдікке тәуелділікпен күресуге көмектеседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та адамдардың араққа деген қызығушылығын жоюға көмектесетін ұялы телефонға арналған қосымша жасап шығарылды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады. Бағдарлама иесі арақ-шарабы бар ғимаратқа жақындап келе жатса, оған белгі беретін көрінеді.
Сондай-ақ, A-CHASS деп аталатын қосымша үнемі қолданушыға алкогольдің зияны туралы ескертпелер жіберіп отырады. Сонымен қатар, бағдарлама қолданушысымен түрлі анкеталық сауалнамалар жүргізіп, оның жауаптарының сараптамасы қандай да бір ауытқушылықты тапса, бірден дәрігерге хабарлама жібереді. Сондай-ақ, ол ішімдікке тәуелділіктен арылу бойынша белгілі ғалымдарға сілтеме жасап, түрлі интернет-ресурстардан осы тақырыпқа байланысты пайдалы мәліметтерді жинап бере алады.
АҚШ ғалымдары бір жыл бойы жүргізген зерттеуге 349 емделуші қатысқан. Солардың 170-і ішімдіктен арылу үшін дәстүрлі әдістермен қатар, A-CHASS көмегіне де жүгінген. Ал қалған 179 адам бұл қосымшагны мүлде қолданбаған. Нәтижесінде белгілі болғандай, бірінші топтағы адамдар екінші топтағыларға қарағанда едәуір тез әлі оңай жолмен емделіп шыққан.