Жаңа вирус 9 миллион компьютерді зақымдады

ЛОНДОН. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат - Жаңа вируспен зақымданған компьютерлердің саны, соңғы төрт күннің ішінде үш есеге өсіп, 9 миллионға жетті.
None
None
Вирус қорғанысы төмен компьютерлік жүйе, жады картасы және бағдарламалық қамтамасыз етулерінде қауіпсіздіктің ең заманауи қорғаныстары жоқ компьютерлер арқылы тарап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Си телекомпаниясына сілтеме жасап. Conficker, Downadup немесе Kid деген бірнеше атаумен белгілі бұл вирус-бағдарлама 2008 жылдың қазан айында пайда болған. Microsoft мамандарының хабарлауынша, вирус Windows бағдарламасының «services.exe» файлы арқылы жүйеге еніп, оның кодының құрамдас бөлігіне айналып, «бәрін бүлдіріп» тұра береді. Бұл вирусқа ұшыраған тұтынушылардың ең көп саны Қытайда, Бразилияда, Ресей мен Үндістанда тіркеліп отыр.
Соңғы жаңалықтар