Жаңа заманға сай Мемлекеттiк қызмет туралы жаңа заң қабылданатын болады - Қ. Сұлтанов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа заманға сай Мемлекеттiк қызмет туралы жаңа заң қабылданатын болады. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Қуаныш Сұлтанов мәлiм еттi.

Жаңа заманға сай Мемлекеттiк қызмет туралы жаңа заң қабылданатын болады - Қ. Сұлтанов

Оның сөзiне қарағанда, арнайы жұмыс тобы аталған заңның жобасын жасақтауға кiрiсiп те кеткен. «Институционалды 5 реформаны жүзеге асырудың «100 қадамы» бағдарламасында нақты айтылған: «Мемлекеттiк қызмет туралы жаңа заң қабылдау» деп.

Елбасының осындай тапсырмасы бар. Бұған бiздiң қоғам да дайын деп есептеймiн, үкiмет және бiздiң парламент те дайын. Өйткенi бiзде сараптамалық мағлұматтар жеткiлiктi. Мысалдар да жеткiлiктi. Мемлекеттiк қызметкерлердi дайындауда қай жерде қандай кемшiлiгiмiз бар, қандай кезеңдерден бiз өттiк, Мемлекеттiк қызмет туралы заңдарда қандай тәжiрибелерден өттiк - соның барлығы анықталды, осы материалдардың барлығы бiздерде жеткiлiктi.

Алдағы уақытта жаңа заманға, жаңа талапқа сай Мемлекеттiк қызмет туралы жаңа заң қабылданатын болады. Оның төңiрегiнде әлi талай әңгiме болады, ол туралы пiкiрталастар болады. Оны жұмыс тобында, БАҚ-та талқылаймыз, көптеген конференциялар өткiзiледi», - дедi ол.

Мәжiлiсменнiң сөзiне қарағанда, заң жобасын дайындау, оны қабылдау көп ұзаққа бармай, таяу жылдарда iске асады.