Жаңа заң жобалар халықаралық мәселелерге қатысты болып отыр

АНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Бюросының отырысында Үкіметтен келіп түскен халықаралық мәселелерге қатысты жаңа заң жобалары жөнінде мәлімет жасалды.

Жаңа заң жобалар халықаралық мәселелерге қатысты болып отыр

Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы және Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерінің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша алдағы аптада өтетін Палатаның жалпы отырысында қорытынды әзірлеу уақыттары анықталатын болады.

Сондай-ақ «1997 жылғы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясын ратификациялау туралы» заң жобасы да өндіріске алынды. Бұл заң жобасы 1997 жылғы 12 қыркүйектегі Хаттамамен енгізілген түзетулермен 1963 жылғы 21 мамырдағы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясының жиынтық мәтіні болып табылады.

Осы заң жобалар бойынша жұмыс тобын құру міндеті Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне жүктелді.

Бюро отырысында Мәжілістің заң шығарушылық қызметіне қатысты өзге де мәселелер қаралды.