Жаңа заң жобасы травматикалық қаруды азаматтық айналымнан алып тастауды көздейді - ҚР Бас прокуроры

АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Бас прокуратурада Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болды. Онда атыс қаруларының, оқ-дәрілердің және жарылғыш заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес және оларға тосқауыл қоюдың тиімділігін артыру мәселелері қаралды.
None
None

Сондай-ақ, атыс және травматикалық қарулармен жасалатын қылмыстардың көбеюі қару иелеріне заң тұрғысынан салынатын тыйымдарды көбейтуге негіз болды. Бұл туралы Бас прокурор Асхат Дауылбаев айтты. «Бұл заң жобасы қоғамдық тәртіпті күшейтіп, травматикалық қаруды бақылаусыз қолдануды азайтады», - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, ҚР Ішкі істер министрлігі әзірлеген бұл заң жобасы травматикалық қаруды азаматтық айналыстан алып тастап, оны қызметтік қарулар қатарына қосуды көздейді.

Бас прокуратураның келтірген деректері бойынша, травматикалық қарумен жасалатын қылмыстардың саны 8 есеге - 2008 жылы 46-дан 2012 жылы 375-ке дейін өскен. Биылғы жылдың басынан бері 139 осындай қылмыс жасалған.

Айта кету керек, Кеңестің жұмысына Үйлестіру Кеңесінің мүшелері, Парламент депутаттары, Ішкі істер, Қорғаныс, Төтенше жағдайлар, Индустрия және жаңа технологиялар министрліктерінің, Кедендік бақылау комитетінің жетекшілері қатысты.

Соңғы жаңалықтар