Жаңа заң жобасымен атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асырудың шарттары мен тәртібі анықталып отыр

АСТАНА. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Үкіметтен Мәжіліске «Атом энергиясын пайдалану туралы» жаңа заң жобасы келіп түсті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1998 жылғы сәуірдің 14-інде Қазақстанда «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстанның Заңы қабылданды. Ол атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудің құқықтық негізін белгілейді және адамдардың денсаулығы мен өмірін қорғауға әрі ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталды.

Соңғы жылдары Экологиялық кодекс, «Техникалық реттеу туралы» Заң қабылданды. 1999 жылдан бастап жоғары байытылған ядролық отынмен жұмыс істеуді қамтитын БН-350 реакторын пайдаланудан шығарудың ауқымды және техникалық жағынан күрделі жобасы іске асырылуда. Ел Президентінің Қазақстан халқына 2007, 2008 жылдардағы Жолдауларының ережелеріне сәйкес елімізде атом энергетикасының негіздерін жасау, ядролық-энергетикалық саланы дамыту жөнінде жұмыстар жүргізілуде және атом станциясын салу жоспарлануда.

Заң жобасында негізгі ұғымдарды нақтылау және халықаралық терминологиямен үйлестіру, Үкіметтің, уәкілетті органның атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органның құзыретін белгілеу және олардың ара жігін ажырату көзделеді. Сондай-ақ атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғылардың радиациялық қауіптілігі санаттарын анықтау қарастырылып отыр.

Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыру шарттары мен тәртібі анықталды. Ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздері есепке алынады.

Ядролық және радиациялық қауіпсіздікке сараптама жүргізу тәртібі, қауіпсіздік саласындағы қажетті ғылыми және техникалық зерттеулерді анықтау қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын қолдау үшін маңызды болмақ.

Қолданыстағы Заң мәтінінің мазмұнына енгізілетін өзгерістерді бағалау мәтін мазмұны көлемінің жартысынан асады. Сондықтан оның жаңа редакциясын қабылдау жөн деп табылып отыр.

Заң жобасын қабылдау заңнамалық базаны одан әрі жетілдіруге және атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудегі бар олқылықтарды жоюға әкеледі.

Заң жобасы ғылыми-құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және экологиялық сараптамалардан өткен.

Осы заң жобасы адамдардың денсаулығы мен өмірін, олардың мүлкін сақтау, қоршаған ортаны қорғау мақсатында атом энергиясын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудің құқықтық негізі мен принциптерін айқындайды және ядролық қаруды таратпау режимін, атом энергиясын пайдалану кезінде ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Соңғы жаңалықтар