Жаңа заң жобасының мақсаты ? жедел-іздестіру қызметін жетілдіру

АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қорытынды шығарды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Жаңа заң жобасының мақсаты жедел-іздестіру қызметін жетілдіру, оны реформалау және еліміздің қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу және өзге де заңнамасының нормаларына сәйкес келтіру болып табылады. Заң жобасының шеңберінде уәкілетті органдардың қылмысқа қарсы күрестегі қызметінің тиімділігін арттыру үшін жағдай жасалған.Жедел-іздестіру қызметі мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілер арасындағы заңды кемшіліктер мен қайшылықтар жойылды.Енді аталмыш заң жобасы Палатаның жалпы отырысында бірінші оқылымда талқыға салынады.
Соңғы жаңалықтар