Жаңа Зеландия Қазақстанмен білім және сауда-саттық салаларындағы қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі
қпанның 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Жаңа Зеландия Қазақстанмен білім беру және сауда-саттық салаларындағы қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі.
Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевқа сенім грамотасын тапсырғаннан кейінгі брифингте Жаңа Зеландияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Иэн Александр Хилл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біздердің елдеріміздің арасындағы ара-қашықтықтың соншалықты үлкендігіне қарамастан, бізде жылышырайлы қарым-қатынас қалыптасқан. Менің елшілік қызметім кезінде Қазақстан мен Жаңа Зеландия арасындағы қарым-қатынас, әсіресе білім беру, сауда-саттық және туризм салаларындағы, кеңейеді әрі нығая түседі деп үміттенемін», деді брифингте Елші.
Сонымен қатар Елші Жаңа Зеландияда мал шаруашылығы жақсы дамығанын айта келе: «Өзара пайдалы ынтымақтастықты жолға қоюға мүмкіндік туып қалар», деді.