Жаңа Зеландия премьер-министрі отставкаға кететін болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландия премьер-министрі Джасинда Ардерн келесі айдан бастап қызметінен кететінін мәлімдеді. Ол бұл қызметте жұмыс істеуге күші жетпейтінін, эмоционалдық шаршағанын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

42 жастағы Ардерн премьер қызметінде алты жыл жұмыс істеп, қажығанын айтты. Ол 7 ақпаннан бастап Лейбористік партия көшбасшысы қызметінен кетеді. Таяу күндері оның орнына кім келетінін анықтау үшін дауыс беру басталады. 14 қазанда Жаңа Зеландияда сайлау өтеді. Ардерн жазғы демалыста болашағы туралы ойланғанын айтты.

«Жұмысты жалғастыру үшін қажетті күш табамын деп үміттеніп едім, бірақ, өкінішке қарай, таппадым. Осы қызметімді жалғастыра беретін болсам Жаңа Зеландияға зиян тигіземін», - деді ол.

Джасинда Ардерн 2017 жылы 37 жасында премьер-министр атанып, үкімет басшысы қызметіндегі әлемдегі ең жас әйел болған еді.


Фото: Getty Images



Соңғы жаңалықтар