Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жаңа Зеландия жағалауына 400-ден астам дельфин шығып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат -Жаңа Зеландияның Оңтүстік аралында жағаға 400-ден астам қара гринд-дельфин (бастары шар тәріздес) шығып қалды, деп хабарлайды РИА Новости Radio New Zealand-қа сілтеме жасап.

Жаңа Зеландия жағалауына 400-ден астам дельфин шығып қалды

Дельфиндердің басым бөлігі қырылып қалды, дегенмен жаппай құтқару операциясына қатысып жатқан еріктілер жүзге жуық дельфинді құтқарып қалды. Құтқарылған сүтқоректілер әлі де шығанақта жүзіп жүр. Ал қайықтағы құтқарушылар оларды ашық теңізге шығару үшін дұрыс бағыт сілтеуге тырысуда.

Жаңа Зеландияда киттер мен дельфиндер жағаға жиі шығып қалады. Әлі күнге дейін ғалымдар әлемнің түкпір-түкпіріндегі кит тәрізділердің өздерін жағаға лақтырып тастауының себебін таппай келеді. Анығы сол, егер бір дельфин өзін-өзі жағаға лақтырса, үйіріндегі өзге дельфиндер оған көмектескісі келіп, жағаға шығады.