Жаңа Зеландияда 16-шы қабаттан құлаған жасөспірім аман қалды
АСТАНА. Шілденің 26-сы. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландияда 16-шы қабаттан құлаған 15 жасар жасөспірім аман қалды. Бұл туралы Associated Press агенттігі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлайды.
Пәтер балконында ойнап отырған жасөспірім 16-шы қабаттан құлаған және автотұрақтың шатырына құлап, оны тесіп өткен. Шатырдың қаңылтырдан және оқшаулаушы материалдан жасалғаны анықталып отыр, мүмкін, сондықтан да бала аман қалған шығар.
Жасөспірім Окленд госпиталіне буын және қабырға сынықтарымен, аяқ жарақаты және ішкі органдардың зақымдану белгілерімен жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.